Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2023 жылдың есебі
1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Ақмола облысы Қосшы қаласындағы ЖШС “Ер-Наз 2013” "Ер-Наз" балабақшасы". Заңды мекен-жайы: Қосшы қаласы, VIP-қалашық, 43.
2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
2023 жылы білім беру бөлімі 130 қызметті көрсетті;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 0;
электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 130.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетілді.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
«Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған erkemai.aqmoedu.kzбілім бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған.Сондай-ақ, ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. Балабақшада нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ЖШС “Ер-Наз 2013” "Ер-Наз" балабақшасы Аkmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
2023 жылы қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкесбілім беру ұйымдарында бақылау іс-шаралары өткізілді. Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде бірқатар ұйымдарда бақылау іс-шаралары барысында жойылған жекелеген сәйкессіздіктер байқалды. Жалпы, олар көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына әсер еткен жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру
2024 жылы ЖШС “Ер-Наз 2013” "Ер-Наз" балабақшасы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.