Мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру саласындағы қызмет туралы 2022 жылғы есеп
Қосшы қаласы, “ Ер-Наз 2013” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, “ Ер-Наз” балабақшасы. Халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру, бұл жемқорлыққа қарсы әрекет етудің және мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімділігін арттырудың маңызды көрінісі.
Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидалар негізінде жүзеге асырылады:
1. Қызмет алушылардың тегіне, әлеуметтік, құзіреттілік және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, көзқарасына, тұрғылықты жеріне немесе басқа да әрекет жағдайлары бойынша дискриминациясыз тең қолжетімділігі;
2. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуде бюрократизм мен қағазбастылықтың болуына жол бермеу;
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында жауапкершілік пен ашықтылық;
4. Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
5. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісін әрдайым жақсарту;
6. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде экономикасы мен тиімділігі.
Ақмола облысы, Қосшы қаласы “Ер-Наз 2013” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, “Ер-Наз” балабақшасы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің 2 түрін жүзеге асырады:
1. “Мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке қою”
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны – электронды, “бір өтініш” қағидасы бойынша жүзеге асырылады.
2022 жылы көрсетілген қызметтер саны – 42, олардың ішінде “akmola.kz” ақпараттық жүйесі арқылы – 42, «электрондық үкімет» порталы арқылы - 0.
2. “Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау мен балаларды тіркеу”
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны – электронды.
2022 жылы көрсетілген қызметтер саны – 42, олардың ішінде “akmola.kz” ақпараттық жүйесі арқылы – 42, «электрондық үкімет» порталы арқылы - 0.
2022 жылдың 1 қаңтар 31 желтоқсан аралығында Ақмола облысы, Қосшы қаласының “ Ер-Наз 2013” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, “ Ер-Наз” балабақшасына қызмет алушылар тарапынан шағым түскен жоқ.
Байланыс:
Қосшы қаласы, ВИП-қалашық, 43 үй, “ Ер-Наз 2013” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, “ Ер-Наз” балабақшасы, Ақмола облысының Қосшы қаласы, байланыс телефоны: 8 701 4561070, электрондық пошта er.naz.2013@mail.ru.
Қабылдау демалыс және мерекелік күндерді алмағанда, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Меңгерушісі Досмағамбетова Л.Р.